Граовацтың «Барысқа» ауысуы қарастырылып жатыр

Граовацтың «Барысқа» ауысуы қарастырылып жатыр

Астаналық «Барыс» келесі маусым алдында КХЛ-дағы тәжірибесі бар канадалық шабуылшы Тайлер Граовацты қатарға қосуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

33 жастағы хоккейші соңғы маусымда КХЛ-дің «Лада» клубында өнер көрсетіп, 19 матчта 8 (5+3) ұпай жинады. Бұған дейін ол НХЛ-де «Миннесота», «Вашингтон» және «Ванкувер» командаларының сапында ойнап, тұрақты маусымда 84 ойын өткізген.

Айта кетелік, Граовацтың «Барысқа» ауысуы әзірге қарастырылып жатқан нұсқа ғана, ресми келісім туралы шешім қабылданған жоқ.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или