Ресейлік хоккей клубы Джозеф Бландизимен қоштасуы мүмкін

Ресейлік хоккей клубы Джозеф Бландизимен қоштасуы мүмкін

Ресейлік «СКА» клубы канадалық шабуылшы Джозеф Бландизимен қоштасуы мүмкін. Ойыншыға ҚХЛ-дағы бірнеше клубтардың қызығушылығы бар, олардың қатарында «Барыс» та бар, деп хабарлайды Prosports.kz.

Хоккей шолушысы Михаил Зислистің айтуынша, қазіргі трансферлік нарықта Солтүстік Америкадан мықты ойыншылардың келуі қиын, сондықтан клубтар қолжетімді нұсқаларға назар аударып отыр. Осы себепті «СКА» Бландизимен жолдарын бөлуге қарсы емес екені айтылған.

Мәліметке сәйкес, 31 жастағы канадалық шабуылшыға Мәскеу мен Минскінің «Динамо» клубтары да, сондай-ақ «Барыс» та қызығушылық танытып отыр. Бландизидің СКА-мен келісімшарты әлі бір жылға созылады, бірақ бұл трансферге кедергі болмайды деп күтілуде.

Айта кетелік, Бландизи өткен маусымда «СКА» сапында 62 матчта 29 (12+17) ұпай жинаған, ал плей-оффта 4 ойында 2 шайба соққан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или