«Барыс» Роман Старченкомен қоштасуы мүмкін

«Барыс» Роман Старченкомен қоштасуы мүмкін

Астаналық «Барыс» клубының бас бапкері Михаил Кравец Қазақстан құрамасының тәжірибелі шабуылшысы Роман Старченконың болашағына қатысты өз ұстанымын айқындады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ақпаратқа сәйкес, елордалық клубтың бас бапкері жаңа маусымда 39 жастағы хоккейшіге сенім артуды жоспарламайды. Осыған байланысты Старченконың мансабын жалғастыруына қатысты бірнеше нұсқа қарастырылуда.

Олардың қатарында кәсіби спорттағы мансабын аяқтап, «Барыс» жүйесінде бапкерлік қызметке ауысу немесе Қазақстан чемпионатында өнер көрсететін «Номад» клубында ойыншы-бапкер ретінде жұмысын жалғастыру мүмкіндігі бар.

Роман Старченко көп жылдан бері «Барыс» пен Қазақстан құрамасының көшбасшыларының бірі саналады. Ол ұлттық команданың сапында әлем чемпионаттары мен халықаралық турнирлерде ел намысын қорғап келеді.

Айта кетейік, өткен маусымда «Барыс» ҚХЛ-дың Шығыс конференциясында оныншы орын алып, кезекті рет плей-офф кезеңіне өте алмады.

«Барыс» Ресейде өтетін турнирге қатысады

Қазақстан хоккей құрамасы рейтингтегі орнын сақтап қалды

Кирилл Савицкийдің «Барыспен» жаңа келісімшарты бойынша жалақысы жарияланды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или