Қазақстан хоккей құрамасының жаңа рейтингтегі орны белгілі болды
Халықаралық хоккей федерациясы өткен әлем чемпионаты нәтижесі бойынша құрамалардың жаңартылған рейтингін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұл жөнінде Қазақстан хоккей федерациясы мәлім етті. Жаңартылған рейтингте отандастарымыз 14-орынды сақтап қалды.
Айта кетсек, Талғат Жайлауовтың басшылығымен Қазақстан құрамасы бірінші дивизионның А тобында бес ойынның барлығында жеңіске жетіп, элиталық дивизионға жолдама алды.
Рейтингте Швейцария көш бастап тұрса, одан кейінгі орындарға Канада мен АҚШ жайғасқан.
Сондай-ақ алғашқы жиырма құрама арасында Финляндия, Швеция, Чехия, Германия, Словакия, Латвия, Дания, Норвегия, Аустрия, Словения, Франция, Италия, Мажарстан, Ұлыбритания, Украина, Польша тұрса, Жапония, Румыния, Литва, Оңтүстік Корея және Эстония 21-25 орындарға табан тіреді.
Айта кетейік, Қазақстан құрамасы биыл І дивизионның А тобында үздік нәтиже көрсетіп, әлем хоккейінің жоғары дивизионына қайта жолдама алған еді.
Қазақстан ұлттық құрамасы В тобында сынға түседі. Талғат Жайлауов жетекшілік ететін команда топтық кезеңде Канада, АҚШ, Чехия, Словакия, Дания, Венгрия және Норвегия құрамаларына қарсы ойнайды.
Ал А тобында Швейцария, Финляндия, Швеция, Германия, Латвия, Аустрия, Словения және Украина командалары бақ сынайды.
Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды
Хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионатының матчы футбол алаңында өтпек