«Барыстың» бапкерлер штабында өзгерістер орын алуы мүмкін
Астаналық «Барыс» жаңа Құрлықтық хоккей лигасы (ҚХЛ) маусымы қарсаңында бапкерлер штабын күшейтуді жоспарлап отыр, деп хабарлайды Prosports.kz.
Мәліметке сәйкес, клуб жалпы дене дайындығы жөніндегі бапкер қызметіне Игорь Елисеевті шақырмақ. Қазір ол Жоғары хоккей лигасындағы (ВХЛ) «Тамбов» клубында еңбек етіп жүр.
Өскемен тумасы Елисеев биыл Қазақстан ұлттық құрамасының бапкерлер штабы құрамында әлем чемпионатында алғаш рет жұмыс істеген.
Еске салайық,ҚХЛ-дың жаңа маусымын Михаил Кравец жаттықтыратын «Барыс» өз алаңында бастайды. Астаналық клуб алғашқы матчтарын 7 қыркүйекте «Сибирьге», 9 қыркүйекте «Салават Юлаевқа» және 12 қыркүйекте «Амурға» қарсы өткізеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или