Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы кестесі белгілі болды
Халықаралық хоккей федерациясы (IIHF) 2027 жылғы элиталық дивизиондағы әлем чемпионатының барлық матчтарының кестесін бекітті. Турнир Германияда 14-30 мамыр аралығында өтеді. Қазақстан құрамасы топтық кезеңдегі ойындарын Дюссельдорф қаласында өткізеді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстан құрамасы В тобына түсті. Ұлттық команда турнирдегі алғашқы матчын 15 мамырда Чехияға қарсы өткізеді. Кездесу Астана уақытымен 19:20-да басталады.
Одан кейін қазақстандық хоккейшілер 16 мамырда Словакиямен ойнайды. Матч 15:20-да басталады. 18 мамырда команда Даниямен кездеседі, ойын 19:20-да басталады.
19 мамырда Қазақстан АҚШ құрамасына қарсы ойнайды. Кездесу де 19:20-да басталады. 21 мамырда ұлттық құраманың қарсыласы Канада болады. Матчтың басталу уақыты — 19:20.
Топтық кезеңдегі тағы бір кездесу 22 мамырға жоспарланған. Қазақстан құрамасы Норвегиямен кездеседі. Ойын 15:20-да басталады. Алдын ала кезеңдегі соңғы матчты Қазақстан құрамасы 24 мамырда Венгрияға қарсы өткізеді. Кездесу 19:20-да басталады.
Қазақстан құрамасының матчтар кестесі:
15 мамыр — Қазақстан — Чехия, 19:20;
16 мамыр — Словакия — Қазақстан, 15:20;
18 мамыр — Қазақстан — Дания, 19:20;
19 мамыр — АҚШ — Қазақстан, 19:20;
21 мамыр — Канада — Қазақстан, 19:20;
22 мамыр — Норвегия — Қазақстан, 15:20;
24 мамыр — Қазақстан — Венгрия, 19:20.
Топтық кезеңнің қорытындысы бойынша плей-офф кезеңіне шығатын командалар анықталады. Ширек финалдық матчтар 27 мамырда, жартылай финалдар 29 мамырда өтеді. Ал 30 мамырда қола жүлде үшін матч пен әлем чемпионатының финалы ойналады.
Шешуші матчтардың кестесі:
27 мамыр, ширек финал:
А тобының 2-орны — В тобының 3-орны, 19:20;
В тобының 2-орны — А тобының 3-орны, 19:20;
А тобының 1-орны — В тобының 4-орны, 23:20;
В тобының 1-орны — А тобының 4-орны, 23:20.
29 мамыр, жартылай финал:
№1 жартылай финал — 17:20;
№2 жартылай финал — 21:20.
30 мамыр:
Үшінші орын үшін матч — 18:20;
Финал — 23:20.