«Барыс» жаттықтырушысы Кравец клубтағы басты талаптарын атады

«Барыс» жаттықтырушысы Кравец клубтағы басты талаптарын атады

«Барыстың» бас жаттықтырушысы Михаил Кравец «РБ»-ға берген сұхбатында бапкер ретінде қалыптасу кезеңдері туралы айтып, жаттықтырушылар штабымен жұмыс істеу жөніндегі көзқарасымен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Мансабындағы бапкер ретінде қалыптасуына әсер еткен негізгі кезеңдер туралы сұраққа Кравец жастар командасынан Жоғары лигаға, кейін ҚХЛ-ға ауысуын атады. Оның айтуынша, әр деңгейде жұмыс істеу тәсілі әртүрлі болуы керек. Жасөспірімдер хоккейінде жаттығулар көбірек оқытуға бағытталса, Жоғары лигада ойын компонентіне басымдық беріледі.

Неліктен үнемі бір көмекшілерімен жұмыс істемейтіні туралы сұраққа Кравец бұл оның қағидасы емес, қалыптасқан жағдайға байланысты екенін түсіндірді. Ол бірге жұмыс істеген барлық ассистенттерін жаңа клубқа өзімен бірге алып кете алмайды.

Сонымен қатар жаттықтырушы көмекшілерінің жұмыс үдерісіне белсенді араласуы, бас бапкермен пікір алмасуы және бастама көтеруі өзі үшін маңызды екенін атап өтті.

Маусымдағы алғашқы матчында астаналықтар «Сібірді» 7:1 есебімен ойсырата жеңді. Келесі ойында «Барыс» 9 қыркүйекте «Салават Юлаевты» қабылдайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или