«Барыс» Қазақстан құрамасының қорғаушысымен келісімшарт жасасты

«Барыс» Қазақстан құрамасының қорғаушысымен келісімшарт жасасты

Қазақстан құрамасының қорғаушысы Мәди Диханбек «Барыс» клубының ойыншысы атанды. Астаналық клуб хоккейшімен 2028 жылғы 31 мамырға дейін жарамды екіжақты келісімшарт жасасты, деп хабарлайды Prosports.kz.

Өткен маусымда Мәди Диханбек «Номад» сапында Pro Hokei Ligasy тұрақты чемпионатында 50 матч өткізіп, 36 (6+30) ұпай жинады. Плей-офф кезеңінде қорғаушы 17 кездесуге қатысып, 11 (3+8) нәтижелі ұпай еншіледі.

25 жастағы хоккейші үшін «Барыс» сапындағы бұл алғашқы тәжірибе емес. Диханбек 2024/25 жылғы маусымда да клубтың намысын қорғаған. Сол кезде ол 30 матч өткізіп, нәтижелі ұпай жинай алмады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или