«Барыс» Гарретт Пилонмен келісімшартқа отырады
Астананың «Барыс» командасы канадалық шабуылшы Гарретт Пилонмен келісімшартқа отырады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Артур Хайруллиннің айтуынша, 28 жастағы шабуылшы қазақстандық клубпен бір жылдық келісімшартқа қол қояды.
Бұған дейін Минсктің «Динамосы» да Пилонға қызығушылық танытқаны хабарланған болатын, бірақ «Барыстың» онымен келісімшартқа отыру мүмкіндігі жоғары деп саналды.
Канадалық шабуылшы соңғы үш маусымды Америка хоккей лигасында «Оттава Сенаторс» командасының екінші командасы «Белвилл Сенаторс» сапында ойнады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или