Бұрынғы «Барыс» жаттықтырушысы ҚХЛ жаңа маусымының ерекшеліктерін атады
«Барыс» пен Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері 2026/27 жылғы тұрақты чемпионаттың алғашқы кездесулерінен алған әсерімен бөлісті. Маман негізгі құрамнан жас хоккейшілерге орын беріп, оларға сенім артып жатқан клубтардың әрекетін ерекше атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«ҚХЛ-дың жаңа тұрақты чемпионатының басталуы жастардың өнерімен қуантады. Дарынды жігіттердің әдемі голдарын көріп жүрміз. Оларға негізгі құрамнан орын беріп, сенім артқаны жақсы», — деді Назаров «Чемпионат» тілшісіне берген сұхбатында.
Маманның пікірінше, үздік жас хоккейшілер уақыт өте келе ҰХЛ-ға аттануы мүмкін. Алайда ол мұны спорттық мансаптың табиғи бөлігі деп санайды. Сонымен қатар жаттықтырушы Ресей хоккей мектептерінің болашағы зор тәрбиеленушілерінің жергілікті чемпионаттарда мүмкіндігінше көп болғанын қалайтынын айтты.
Назаров маусым басындағы матчтардың сипатына да назар аударды. Ол ойындардың жоғары жылдамдықта өтіп жатқанын, соғылған шайбалар санының көптігін атап өтті. Сонымен қатар маман маңызды матчтардың федералды спорт арнасынан көрсетіліп жатқанына тоқталып, эфирде мұндай ойындардың саны арта түседі деген үмітін білдірді.
Бұдан бөлек, «Барыстың» бұрынғы тәлімгері жоғары орындарға дәстүрлі түрде таласатын клубтардың тыңғылықты дайындалғанын атап өтті. Оның айтуынша, фавориттердің көбі маусымаралық кезеңде құрамын айтарлықтай күшейтіп, алғашқы турлардан-ақ барынша жоғары нәтижеге ұмтылысын көрсетіп келеді.
Назаров Қазақстан хоккейімен жақсы таныс. Маман «Барыстың» бас бапкері қызметін 2014–2015 жылдары және 2015/16 жылғы маусымдаекі рет атқарды . Сондай-ақ 2014-2016 жылдар аралығында Қазақстан ұлттық құрамасын жаттықтырды.