ҚХЛ алғашқы тур нәтижелері белгілі болды
Құрдықтық хоккей лигасында сегіз матч өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.
«Барыс» маусымдағы алғашқы матчында «Сібірді» ойсырата жеңді. Астаналықтар сапынан америкалық шабуылшы Джастин Бэйли дубль авторы атанды. «Барыстың» жас хоккейшілері Всеволод Логвин, Дінмұхамед Қайыржан және Семен Симонов та жақсы ойын көрсетті.
Астаналық клубтың гол соғу қарқынына новосібірліктер тек бір голмен жауап бере алды. Дегенмен бұл гол сенімді ойнаған Хантер Шэппардқа «құрғақ» матч өткізуге мүмкіндік бермеді.
«Барыс» – «Сібір» 7:1 (1:0, 5:0, 1:1)
1:0 – 12:47 Логвин (Симонов, Ляпунов)
2:0 – 24:27 Қайыржан (Данияр, Приски)
3:0 – 30:30 Бэйли (Морелли, Данияр)
4:0 – 33:42 Симонов (Қайыржан, Логвин), ГБ
5:0 – 36:39 Приски (Логвин, Симонов)
6:0 – 38:35 Бэйли (Пилон, Шеппард)
7:0 – 46:33 Пилон (Морелли, Бэйли)
7:1 – 53:30 Валитов (Бек, Аланов)