«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Адмиралдың» негізгі құрамына кірді

«Барыстың» бұрынғы ойыншысы «Адмиралдың» негізгі құрамына кірді

RTLine istagram парақшасы «Адмирал» командасының шабуыл шептері, қорғаушылар мен қақпашылар құрамының болжамды нұсқасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Дереккөз Владивосток клубының бірінші шабуыл үштігіне Энтони Камараны, ал негізгі қақпашылардың қатарына Никита Боркинді енгізген.

Айта кетейік, Камара 2023/2024 жылғы маусымда астаналық «Барыс» сапында өнер көрсетті. Ол тұрақты чемпионаттың 34 матчында 18 (11+7) ұпай жинады.

Ал Никита Бояркин Континенттік хоккей лигасындағы барлық 103 кездесуін «Барыс» құрамында өткізген. Осы ойындарда ол соққылардың 91,2 пайызын қайтарды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или