Евгений Свечников «Спартактан» кетті

Евгений Свечников «Спартактан» кетті

Шабуылшы қызыл-ақтардың құрамында тұрақты орын ала алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Тараптардың өзара келісімі бойынша Мәскеудің «Спартак» хоккей клубы мен шабуылшы Евгений Свечников арасындағы келісімшарт бұзылды», – деп хабарлады мәскеулік клубтың баспасөз қызметі.

Өткен маусымда шабуылшы Хабаровскінің «Амур» командасында өнер көрсетіп, «жолбарыстар» сапында 34 матчта 16 (8+8) ұпай жинады.

Жалпы, Свечников ҚХЛ-да 130 ойын өткізіп, 54 (30+24) нәтижелі ұпай жинаған.

Еске салайық, Евгений Свечников – «Каролина Хуррикейнз» құрамында Стэнли кубогін жеңіп алған шабуылшы Андрей Свечниковтің ағасы.

Сонымен қатар Свечниковтің інісі Ресейдің НХЛ-дегі басты жұлдызы Александр Овечкинмен төбелесімен де танымал. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или