Кирилл Савицкийдің жалақасы қанша?
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Кирилл Савицкийдің Астананың «Барыс» командасымен жаңа келісімшарты бойынша жалақысы жарияланды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Журналист Артур Хайруллиннің айтуынша, Савицкий алдағы маусымда шамамен 121,5 миллион теңге алады. Біржақты келісімшарт бір маусымға созылады және 2027 жылдың 31 мамырында аяқталады.
Еске сала кетейік, өткен маусымда Кирилл Савицкий «Барыс» жейдесінде КХЛ тұрақты маусымында 18 ұпай (6 гол, 12 пас) жинады. Қазақстандық клуб Шығыс конференциясының турнир кестесінде оныншы орын алды және Гагарин кубогының плей-офф кезеңіне өте алмады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или