Ессе Пулюярви әлем чемпионатының алтын медалін жоғалтты
Финляндия құрамасының шабуылшысы Ессе Пулюярви әлем чемпионатының алтын медалін ерекше жағдайда жоғалтып алғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Хоккейшінің сөзінше, ол медалін Хельсинкидегі барлардың бірінде көрсетіп жүрген кезінде жоғалтып алған. Кейін ол заттың ұрланған болуы мүмкін екенін де жоққа шығармады.
Пулюярви бұл жағдайды өкінішпен қабылдап, медальді тапқан адамға сыйақы ретінде кофе немесе тәтті сатып алып беруге дайын екенін айтқан.
Айта кетелік, ол әлем чемпионатында Финляндия құрамасының маңызды ойыншыларының бірі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или