Михаил Кравец КХЛ-дың жаңа тізіміне енді
Континенттік хоккей лигасы клубтарының 2026/27 маусымына арналған бас бапкерлер тізімі жарияланды. Тізімде астаналық «Барыстың» жаңа бас бапкері Михаил Кравец те бар, деп хабарлайды Prosports.kz.
Клубтардың басым бөлігі өткен маусымдағы мамандарын сақтап қалды. Ал кейбір командалар маусымаралық кезеңде жаттықтырушылар құрамына өзгеріс енгізді.
Жарияланған мәліметке сәйкес, «Барысты» жаңа маусымда Михаил Кравец жаттықтырады. Сонымен қатар Омбының «Авангардын» Ги Буше, Мәскеудің «Динамосын» Алексей Кудашов, ЦСКА-ны Игорь Никитин, ал СКА-ны Игорь Ларионов басқарады.
Әзірге Минскінің «Динамосы», «Нефтехимик» және «Сочи» клубтары бас бапкер қызметіне нақты маман тағайындаған жоқ.
Айта кетелік, КХЛ-дағы бапкерлердің тізімі жаңа маусым басталғанға дейін өзгеруі мүмкін.