«Вардар» клубы айыппұл төлеуге міндеттелді
Солтүстік Македония футбол федерациясы «Вардар» клубына жанкүйерлер мен ойыншылардың даулы мерекесі үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Дисциплинарлық комитеттің шешімі бойынша Скопьенің әйгілі клубы 15 мың еуро көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді. Жаза чемпиондықты тойлау кезінде болған оқиғаға байланысты енгізілді.
Матчтан кейін «Стругаға» қарсы жеңістен соң өткен мерекелік кеш әлеуметтік желілерде таралып, қоғамда үлкен резонанс тудырған. Видеода вульгарлы әндер шырқалып, белгілі македониялық әнші Каролина Гочеваның аты да аталған.
Федерация бұл әрекетті спорттық этикаға сай емес деп бағалап, футболдың құндылықтарына қайшы деп шешім шығарды.
Айта кетелік, Солтүстік Македонияның ең титулды клубтарының бірі «Вардар» ресми түрде қаржылай жазаға тартылды.
Жаңартылған рейтинге Қазақстан хоккей құрамасы үздіктер қатарында