Леонид Тамбиев үздік ойыншыны командада ұстап қалғысы бар
Мәскеудің «Динамо» клубында Никита Гусевтің болашағы талқылануда. Бас бапкер Леонид Тамбиев ойыншыны командада ұстап қалуға ниетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Алайда келісімнің жүзеге асуына кедергі келтіріп отырған негізгі мәселе – қаржылық талаптар. Хоккейшінің жағы жоғары жалақы сұраған.
Өткен маусымда 33 жастағы шабуылшы КХЛ чемпионатында 66 матчта 55 ұпай (17 гол, 38 пас) жинаған. Плей-оффта 4 ойында 2 ұпайға қол жеткізген.
Айта кетелік, Леонид Тамбиев бұған дейін «Сарыарқа» клубын бірнеше маусым жаттықтырған және Қазақстан құрамасының бапкерлер штабында да жұмыс істеген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или