1XBET - ставки на спорт

Қазақстандық жас хоккейшілер АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда

Қазақстандық жас хоккейшілер АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда

Қазақстандық жас хоккейшілер Спартак Чукреев пен Мирас Жұмабай АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиынына қатысуда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Олар «Dubuque Fighting Saints» клубының жаттығу лагерінде дайындық жүргізіп жатыр.

16 жастағы қорғаушы Спартак Чукреев өткен маусымда AAA лигасында 53 матч өткізіп, 65 (21+44) ұпай жинады. Сонымен қатар THF лигасында 11 ойында 12 (6+6) ұпайға қол жеткізді. Плей-оффта 5 матчта 3 (1+2) ұпай еншіледі.

Ал 16 жастағы шабуылшы Мирас Жұмабай US Nationals лигасында «Pittsburgh Penguins Elite» сапында 3 матч өткізіп, 1 шайба соқты. Сондай-ақ «Nordstar» клубында WSI лигасының 7 кездесуінде 10 (6+4) ұпай жинады.

Қазақстан хоккей құрамасы рейтингтегі орнын сақтап қалды

Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы қарсыластары анықталды

Хоккейден 2027 жылғы әлем чемпионатының матчы футбол алаңында өтпек

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или