Форвардтың ресми айлығы 27,7 миллион рубль

Форвардтың ресми айлығы 27,7 миллион рубль

Астаналық «Барыс» клубы Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы Аркадий Шестаковтың командаға оралуы үшін қомақты жалақы төлейтіні белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Оның жылдық табысы шамамен 184,8 миллион теңгені құрайды.

Ақпарат көздерінің мәліметінше, форвардтың ресми айлығы 27,7 миллион рубль көлемінде белгіленген. Шестаков «Барыспен» екі маусымға арналған біржақты келісімшартқа қол қойған.

Шабуылшы бұған дейін ҚХЛ-де Владивостоктың «Адмирал» клубында өнер көрсетіп, тәжірибесін Ресей лигасында шыңдаған болатын.

Айта кетелік, Шестаковтың «Барысқа» қайта оралуы клубтың шабуыл шебін күшейтудегі маңызды қадамдардың бірі ретінде бағаланып отыр. 

ҚР хоккейі үшін жағымды жаңалық: Корнеев НХЛ драфтының финалдық тізіміне енді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или