Қазақстандық шабуылшы «Барыс» ойыншысы атанды

Қазақстандық шабуылшы «Барыс» ойыншысы атанды

«Барыс» хоккей клубы Қазақстан құрамасының шабуылшысы Аркадий Шестаковпен келісімшарт жасалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Біржақты келісім екі маусымға есептелген және 2028 жылдың 31 мамырына дейін жарамды. 

Шестаков бұған дейін 2019 жылдан 2024 жылға дейін «Барыс» сапында ойнаған. Соңғы екі маусымды ол Владивостоктың «Адмирал» клубында өткізді. Өткен тұрақты чемпионатта орталық шабуылшы 64 матчқа қатысып, 13 (7+6) ұпай жинады. Сонымен қатар Аркадийдің шайбаға таласудағы көрсеткіші - 59,5 пайыз. Маусым барысында ол қарсыластардың 34 соққысына тосқауыл қойды. Оның мұз айдынындағы орташа ойын уақыты 15 жарым минутты құрады.

«Барыс» клубының бас менеджері Леонид Метальников:

 Аркадий - өте еңбекқор орталық шабуылшы. Ол тәртіпті хоккейші, күрестен қашпайды және әрдайым үлкен көлемдегі жұмысты атқаруға дайын. Шестаков ұлттық құраманың көшбасшыларының бірі саналады. Біз оның шайба лақтыру нүктелеріндегі әлеуетін жақсы білеміз, бұл көрсеткіш бойынша оның нәтижелері әрдайым жоғары деңгейде. Осы трансфер арқылы командамыздың орталық шебін күшейтеміз. 

«Барыс» Ресейде өтетін турнирге қатысады

Қазақстан хоккей құрамасы рейтингтегі орнын сақтап қалды

Кирилл Савицкийдің «Барыспен» жаңа келісімшарты бойынша жалақысы жарияланды


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или