Қазақстандық шахматшылар әлем чемпионатына жолдама алды
Қазақстандық гроссмейстерлер Бибісара Асаубаева мен Алуа Нұрман 2027 жылы Германияның Вайсенхаус қаласында өтетін фристайл шахматынан әлем чемпионатына ресми түрде жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 2027 жылдың 5-7 ақпан аралығында өтеді. Бибісара Асаубаева жолдаманы әлемнің 12-чемпионы Александра Костенюкті көрме матчында жеңу арқылы иеленсе, Алуа Нұрман Grenke Freestyle Chess Open турнирінде үздік үштікке еніп, әлем біріншілігіне қатысу құқығына ие болды.
Айта кетелік, ерлер арасындағы дода 12-14 ақпан күндері өтеді. Турнирге әлемнің аңыз шахматшысы Магнус Карлсен де қатысады. Әр санатта сегіз үздік шахматшы әлем чемпионы атағы үшін бақ сынайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или