Ергашев-Жүкембаев жекпе-жегі өтпейтін болды

Ергашев-Жүкембаев жекпе-жегі өтпейтін болды

Өзбекстандық боксшы Шохжахон Ергашев қазақстандық Батыр Жүкембаевпен жоспарланған жекпе-жектің өтпейтінін ресми түрде мәлімдеп, жаңа әрі ірі жекпе-жекке дайындалып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ергашевтің сөзінше, Жүкембаевпен кездесу бірнеше рет кейінге шегеріліп, ақыры толықтай тоқтатылған. Енді өзбекстандық боксшы 25 шілде күні Ташкенттегі «Хумо Аренада» өтетін бокс кешінде шаршы алаңға шығады.

«Батырмен жекпе-жек өтпейді. Бізге өте қызықты ұсыныс түсті. Жақын арада барлығы белгілі болады» деді Ергашев.

Айта кетелік, Жүкембаев пен Ергашев айқасы алғашында 9 мамырға белгіленген еді. Кейін кездесу 6 маусымға ауыстырылғанымен, ұйымдастырушылар бүкіл бокс кешін белгісіз себептерге байланысты тоқтатқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или