Саламат Исбулаев Эй Джей Маккиге қарсы октагонға шығады

Саламат Исбулаев Эй Джей Маккиге қарсы октагонға шығады

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Саламат Исбулаев PFL турнирінде америкалық Эй Джей Маккиге қарсы октагонға шығады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жекпе-жек 28 маусым күні АҚШ-тың Сан-Диего қаласында өтеді. Кездесудің тікелей трансляциясы Қазақстан уақытымен шамамен 08:20-де басталады. Көрермендер жекпе-жекті PFL лигасының ресми сайты арқылы тамашалай алады.

Исбулаев соңғы кездесуін ақпан айында өткізіп, перулік Хесус Пинедоны бірінші раундта нокаутпен жеңген болатын. Ал оның қарсыласы Эй Джей Макки наурыз айында венгриялық Адам Боричті төрешілердің бірауызды шешімімен ұтты.

Айта кетелік, Саламат Исбулаевтың кәсіби мансабында 10 жеңіс бар және ол әлі жеңіліп көрмеген. Ал Маккидің көрсеткіші 24 жеңіс және 2 жеңілістен тұрады. 


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или