Семсерлесуден Азия чемпионаты: алғашқы жарыс күнінің нәтижесі
Бүгін, 19 маусымда Үндістанның Дели қаласында ересектер арасындағы семсерлесуден Азия чемпионаты басталды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.
Чемпионат бағдарламасын ерлер арасындағы қылыш және әйелдер арасындағы рапира сайыстары ашты.
Қазақстан құрамасы сапында үш спортшы 1/8 финалға дейін жетті. Бірақ олар бұл кезеңнен аса алмады.
София Актаева Оңтүстік Корея өкілі Мо Бёльге 4:15 есебімен жол берді. Артем Сарксисян ширек финал жолдамасы үшін өткен кездесуде Гонконг спортшысы Чан Лон Хей Ройстан 12:15 есебімен жеңілді. Ал Жанат Нәбиев қытайлық Шэнь Чэньпэннен 9:15 есебімен ұтылып, жарысты аяқтады.
Бақдәулет Құралбекұлы 1/32 финалда жарыс жолынан шықты. Назарбай Саттархан мен Алена Гноева 1/16 финалда тоқтаса, Алина Искандерова да өнерін 1/32 финал кезеңінде аяқтады.
20 маусым күні Азия чемпионатында ерлер арасындағы шпага және әйелдер арасындағы қылыш сайыстарында жүлдегерлер анықталады.
Қазақстан құрамасы жартылай финалға жолдама алды
Қазақстандық Олимпиада чемпионы жанкүйерлерге қолдау көрсетті
Қарағандыда ҰОК-ның спорттағы мүмкіндіктер мәселелеріне арналған білім беру семинары өтті