Әлем кубогы: Алғашқы күнде алты боксшымыз шаршы алаңға шықты

Әлем кубогы: Алғашқы күнде алты боксшымыз шаршы алаңға шықты

Қытайдың Гуйян басталған бокстан әлем кубогы кезеңінің алғашқы күнінде қазақстандық боксшылар алты кездесудің бесеуінде жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Серік Теміржанов 60 келі салмақта 1/8 кезеңге бірінші болып шықты. Қазақстандық боксшы неміс Денис Брилмен кездесіп, 5-0 есебімен жеңіске жетті.

Нұрбек Оралбай 90 келі салмақта келесі кезеңге өтті. Оңтүстік Кореялық Ким Ги-чаға қарсы кездесуінде қазақстандық қарсыласын үш рет нокдаунға жіберіп, техникалық нокаутпен жеңіске жетті.

Сабыржан Аққалықов 1/16 кезең аясында 80 келі салмақта жұдырықтасты. Ол жергілікті қытайлық спортшы Сяобао Ванмен кездесті. Аққалықов сенімді жеңіске жетті.

Қазақ командасының жалғыз жеңілісі жарыстың әйелдер бөлімінде, 75 келі салмақта болды. 1/8 финалда Наталья Богданова қытайлық спортшы Бао Цзыден (1:4) жеңіліп, турнирден шығып өалды.

Айбек Оралбай 1/8 финалда аса ауыр салмақта (90 келіден жоғары) бақ сынасты. Америкалық Ннажай Райтқа қарсы үш раундтық бәсекеден кейін төрешілер Оралбайға бірауыздан жеңісті берді (5:0).

Әйелдер арасындағы турнирде Дина Исламбекова 80 келіден жоғары салмақтағылардың ширек финалында ирландиялық Клиона Дарсиден басым болып, жарыстың жартылай финалына шығып, қоржынға кемі қола жүлде салды. 

Қытайдағы халықаралық турнир 21 маусымға дейін жалғасады. 


Қазақ боксшы әлем кубогында Өзбекстанның жалғыз жеңісін тіркеді

Мемлекет басшысы Геннадий Головкинді құттықтады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или