Тікелей көрсетілім. UFC Freedom 250 турнирі

Тікелей көрсетілім. UFC Freedom 250 турнирі

Ақ үйде өтетін UFС турнирі 14 маусымнан 15 маусымға қараған түні Вашингтонда өтеді. Жекпе-жектер АҚШ президентінің ресми резиденциясының Оңтүстік көгалында өтеді, бұл оны промоушен тарихындағы ең ерекше оқиғалардың біріне айналдырады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Негізгі кард Қазақстан уақыты бойынша таңғы сағат 5:00-де басталады деп жоспарланған. Басты жекпе-жек таңғы сағат 8:00-де басталады.

Тікелей трансляцияны осы СІЛТЕМЕДЕН көруге болады.

Басты жекпе-жекте қазіргі титул иегері Илья Топурия мен америкалық файтер Джастин Гейджи арасында жеңіл салмақтағы чемпиондық жекпе-жек өтеді. Кештің негізгі жекпе-жегінде UFC-дің бұрынғы чемпионы бразилиялық Алекс Перейра ұйымның уақытша ауыр салмақтағы титулы үшін франциялық Сирил Ганмен кездеседі.

Турнирдің толық карды:

Илия Топурия – Джастин Гейджи

Алекс Перейра – Сириль Ган

Шон О’Мэлли – Айманн Захаби

Джош Хокит – Деррик Льюис

Маурисио Руффи – Майкл Чендлер

Бо Никал – Кайл Докас

Диего Лопес – Стив Гарсия





Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или