Алекс Перейра рекордтық гонорар алмақ

Алекс Перейра рекордтық гонорар алмақ

Бразилиялық аралас жекпе-жек шебері Алекс Перейра UFC-дегі келесі жекпе-жегі үшін рекордтық гонорар алуы мүмкін, деп хабарлайды Prosports.kz.

Комментатор Даниэль Кормье Перейрамен әңгіме барысында оған Сирил Ганға қарсы айқас үшін 10 миллион доллар төленетінін айтқан.

«Сен осы турнирдегі 10 миллион доллар алатын жалғыз спортшысың»  деді Кормье.

Наурыз айында Перейра UFC ұйымымен 8 жекпе-жекке жаңа келісімшартқа қол қойған. Бұл келісім оны лига тарихындағы ең жоғары кепілдендірілген гонорар алатын спортшылардың біріне айналдырды.

Айта кетелік, Ганға қарсы жекпе-жек UFC-дегі мерекелік турнирдің негізгі оқиғаларының бірі болмақ. Жеңімпаз уақытша ауыр салмақтағы чемпион атағына ие болады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или