UFC-дің Ақ үйдегі турнирі өтпеуі мүмкін

UFC-дің Ақ үйдегі турнирі өтпеуі мүмкін

UFC 15 маусым күні Вашингтонда UFC White House – Freedom 250 турнирін өткізуді жоспарлауда, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірақ, АҚШ-та турнирді тоқтатуды талап еткен сот ісі қозғалды. Белсенділер Ақ үй аумағын коммерциялық мақсатта пайдалануға қарсы шықты. Егер сот шешімі қабылданса, турнир өтпей қалуы мүмкін. 

Айта кетейік, UFC White House – Freedom 250 турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіл салмақтағы UFC чемпионы, жеңіліп көрмеген Илия Топурия октагонға шығады. Оның қарсыласы – UFC-дің уақытша чемпиондық белбеуінің иегері Джастин Гэтжи. 29 жастағы Илия Топурия мансабындағы барлық жекпе-жекте жеңіске жетсе, 37 жастағы Джастин Гэтжи UFC-дегі ең тәжірибелі әрі ең қауіпті файтерлердің бірі саналады.

UFC басшысының мәліметінше, турнирдің жалпы бонус қоры 1 миллион долларды құрайды. «Кештің үздік жекпе-жегі» атағын алған файтерлердің әрқайсысы 300 мың доллардан алады. Ал турнирдегі ең үздік өнер көрсеткен екі спортшыға 200 мың доллар көлемінде қосымша сыйақы табысталады.

Жалғас Жұмағұловтың Словакиядағы жекпе-жегі даулы аяқталды. Видео

Қазақстандық жауынгер Oktagon турниріндегі екінші жеңісін тойлады

Жалғас Жұмағұлов титулдық жекпе-жек алдында мәлімдеме жасады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или