1XBET - ставки на спорт

Қазақстан триатлоннан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан триатлоннан Азия чемпионатында екі алтын медаль жеңіп алды

Қазақстан құрамасы Қытайдың Сюйчжоу қаласындағы триатлоннан Азия чемпионатында екі медаль еншіледі, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-ке сілтеме жасап.

Екі жүлде де алтын болды. Тұғырдың ең биік сатысына Рамазан Айнегов пен Ясмина Бузуртанова көтерілді.

Айнегов U17 жас санатында чемпион атанды. «Суперспринт» дисциплинасында қазақстандық спортшы мәреге 00:25:49 уақыт көрсеткішімен бірінші болып жетті.

Ал 15 жасқа дейінгі спортшылар арасындағы жарыста Ясмина Бузуртанова қашықтықты 00:30:56 нәтижесімен бағындырып, алтын медаль иеленді.

Ертең, 14 маусымда, эстафеталық жарыстарда жүлделер сарапқа салынады.

Қазақстандық садақшы Түркиядағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетті

Қазақстан Италиядағы Әлем кубогы кезеңіне қатысатын құрамды жариялады

Спорт министрі: Шайдоровтың келісімшартына қатысты мәселе толық шешілді


Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или