OCTAGON 87 турнирінде қазақстандық файтер жарақат алды
Ташкентте өткен OCTAGON 87 турнирінде қазақстандық файтер Нұрғыса Ғалымжановтың жекпе-жегі ерте аяқталды, деп хабалайды Prosports.kz.
Қазақстандық спортшының қарсыласы өзбек блогері әрі файтер Жахонгир «Воркаут» Рохаталиев болды. Жекпе-жек толық қашықтыққа созылмай, Ғалымжанов алған жарақатына байланысты айқасты жалғастыра алмады.
Осылайша кездесу мерзімінен бұрын тоқтатылып, нәтижесі техникалық жағдайға байланысты анықталды.
Турнирдің басты жекпе-жегінде уақытша чемпиондық белбеу үшін тәжікстандық Фазлиддин Мадрахимов пен өзбекстандық Мухиддин Мамажонов кездеседі.
Айта кетелік, екі бірдей басты айқаста қазақстандық ауыр салмақтағы Айбек Ерметов чемпиондық белбеу үшін Азамат Нуфтиллаевпен күш сынасады.
Қазақстандық файтер Ташкентте өткен жекпе-жекте жеңіліс тапты