1XBET - ставки на спорт

Габидулла Мырзашев өзбекстандық Жамшид Тилаевқа қарсы жекпе-жек өткізді

Габидулла Мырзашев өзбекстандық Жамшид Тилаевқа қарсы жекпе-жек өткізді

Ташкентте өткен OCTAGON 87 турнирінде қазақстандық Габидулла Мырзашев өзбекстандық Жамшид Тилаевқа қарсы жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ең жеңіл салмақтағы кездесу толық үш раундқа созылды. Тартысты өткен айқастың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті бірауыздан Өзбекстан өкілі Жамшид Тилаевқа берді.

Осылайша, жеңіліп көрмеген Тилаев кәсіби мансабындағы кезекті жеңісіне қол жеткізді. Ал Габидулла Мырзашев үшін бұл мансабындағы төртінші жеңіліс болды.

Турнирдің басты жекпе-жегінде уақытша чемпиондық белбеу үшін тәжікстандық Фазлиддин Мадрахимов пен өзбекстандық Мухиддин Мамажонов кездеседі.

Айта кетелік, кештің екінші маңызды айқасында қазақстандық ауыр салмақтағы Айбек Ерметов чемпиондық титул үшін өзбекстандық Азамат Нуфтиллаевпен күш сынасады.

UFC White House турнирін қанша адам қарайтыны болжанды




Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или