Исраэль Адесанья Сирил Ган мен Алекс Перейра арасындағы жекпе-жекке қатысты пікірін білдірді
UFC-дің бұрынғы орта салмақ чемпионы Исраэль Адесанья Сирил Ган мен Алекс Перейра арасындағы жекпе-жекке қатысты өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Адесаньяның айтуынша, бұл кездесуде жеңіс Алекс Перейра жағында болуы мүмкін.
Ол Перейраның соңғы жылдары үлкен жетістікке жетіп, бірнеше салмақ дәрежесінде чемпион атанғанын ерекше атап өтті.
«Оның жеткен деңгейін бағалау керек. Егер ол бұрын-соңды ешкім жасамаған нәрсені жасаса, бұл спорт үшін үлкен оқиға болады» деді Адесанья.
Айта кетелік, жекпе-жек Вашингтонда өтетін турнирдің басты оқиғаларының бірі болмақ, онда уақытша ауыр салмақтағы чемпиондық белбеу сарапқа салынады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или