OCTAGON 87 турнирінде өзбек спортшысы жеңіске жетті
Ташкент қаласында өткен OCTAGON 87 турнирінің алғашқы жекпе-жегінде өзбек спортшысы жеңіске жетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай жеңіл салмақта кыргызстандық Куштарбек Бегалиев пен өзбек файтері Аслиддин Абдурасулов кездесті. Жекпе-жек толық қашықтыққа созылып, төрешілер шешімімен жеңіс Абдурасуловқа берілді.
Осылайша, өзбек спортшысы кәсіби мансабындағы алғашқы жеңісін тіркеді.
Кештің басты жекпе-жегінде уақытша жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеу үшін тәжіжік файтері Фазлиддин Мадрахимов пен өзбек спортшысы Мухиддин Мамажонов кездеседі.
Айта кетелік, қосалқы басты жекпе-жекте ауыр салмақта өзбек файтері Азамат Нуфтиллаев қазақстандық Айбек Ерметовпен чемпиондық белбеу үшін күш сынасады.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или