Қазақстандық спортшы Тимур Мадияров әсерлі жеңіске жетті
Өзбекстанда өткен OCTAGON 87 турнирінде қазақстандық спортшы Тимур Мадияров әсерлі жеңіске жетіп, қарсыласын мерзімінен бұрын тоқтатты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Жартылай орта салмақта өткен жекпе-жекте Мадияров өзбекстандық Уфзалбек Абдурахимовпен кездесті. Бірінші раундта қазақстандық спортшы нокдаунға түсіп, қиын жағдайға тап болғанымен, кейіннен жағдайды өз пайдасына өзгерте білді.
Екінші раундта Мадияров айқасты толық бақылауға алып, қарсыласын мерзімінен бұрын жеңіп шықты.
Айта кетелік, бұл оның кәсіби мансабындағы екінші жеңісі болды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или