Адам Шил «Барыстан» сүйіктісі үшін кетті
Америкалық қақпашы Адам Шил астаналық «Барыстан» Германияның «Франкфурт Лайонс» клубына ауысу себебін агенті Александр Черных түсіндірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Агенттің айтуынша, Шил ҚХЛ-да бір маусымға шамамен 25 миллион рубль жалақы алып жүрген. Ал Германиядағы жаңа келісімшартының құны шамамен 110 мың еуроны құрайды, бұл бұрынғы табысынан бірнеше есе төмен.
Соған қарамастан хоккейші қаржылық ұсыныстан гөрі жеке өмірін таңдаған. Оның айтуынша, сүйіктісі Германияда тұрғанды жөн көрген.
Айта кетелік, «Барыс» бұған дейін 27 жастағы қақпашыға екі жылдық жаңа келісімшарт ұсынған болатын. Өткен маусымда Шил ҚХЛ-да 32 матч өткізіп, соққылардың 90,8 пайызын қайтарды және сенімділік коэффициенті 2,81 болды.
«Барыстың» экс-хоккейшісі ресейлік клубқа қосылды