Алматыда паделден Қазақстан турының кезекті кезеңі мәресіне жетті

Алматыда паделден Қазақстан турының кезекті кезеңі мәресіне жетті

Алматыдағы ADD Padel корттарында жүлде қоры 4 миллион теңгені құрайтын рейтингтік турнирдің жеңімпаздары мен жүлдегерлері анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Әйелдер арасындағы А санаты бойынша Мария Синицына мен Полина Слепцова екінші кезеңнің чемпионы атанды. Күміс жүлде Татьяна Гиоргадзе мен Ангелина Агафонова жұбына бұйырды. Финалдық кездесуде Синицына мен Слепцова 6:2, 6:4 есебімен басым түсті.

Ерлер арасындағы А санатында Евгений Данилов пен Даниэль Мартинес Отеро бас жүлдені олжалады. Жәнібек Үмбетов пен Родион Пак жарыстың күміс жүлдегері атанды. Финалда Данилов пен Mартинес Отеро қарсыластарын 6:3, 6:1 есебімен сенімді түрде жеңді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или