Орта салмақтағы вакантты титул үшін екі жеңілмеген боксшы кездеседі
IBF ұйымы орта салмақтағы вакантты чемпиондық белбеу үшін өтетін жекпе-жекке қатысатын боксшыларды анықтады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Бұған дейін бұл титул қазақстандық Жәнібек Әлімханұлына тиесілі болған.
Енді чемпиондық белбеу үшін ирландиялық Аарон Маккенна мен италиялық Этиноса Олиха жұдырықтасады.
Шешім IBF ұйымының кезекті конвенциясында қабылданған.
Екі жеңілмеген боксшы арасындағы айқас 8 тамыз күні өтеді.
Жекпе-жек жеңімпазы кейін америкалық Амари Джонсқа қарсы міндетті титул қорғауын өткізуі керек болады.
Айта кетейік, Жәнібек Әлімханұлы допинг сынамасынан оң нәтиже алғаннан кейін IBF белбеуінен айырылып, бір жылға шеттетілген еді.
Қазақстандық боксшы WBO чемпионы ретінде рингке 2026 жылдың желтоқсанында қайта орала алады.
Сонымен қатар WBO ұйымының уақытша титулын британдық Дензел Бентли жеңіп алды. Ол Эндри Сааведраны мерзімінен бұрын жеңген болатын.
Қазір дәл осы Бентли Әлімханұлының келесі міндетті қарсыласы саналады.
Еске салсақ, төрт жыл бұрын Жәнібек Әлімханұлы Дензел Бентлимен Қазақстанда кездесіп, төрешілер шешімімен жеңіске жеткен еді.