Хоккейден әлем чемпионатының плей-офф қатысушылары анықталды
Хоккейден әлем чемпионатында топтық кезең аяқталып, плей-оффқа шыққан сегіз құрама мен элитадан түсіп қалған екі команда белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ширек финалға Швейцария, Финляндия, Латвия, АҚШ, Канада, Норвегия, Чехия және Швеция құрамалары жолдама алды.
Ал Ұлыбритания мен Италия өз топтарында соңғы орын алып, элиталық дивизионнан шығып қалды.
Келесі жылы олардың орнын Қазақстан мен Украина құрамалары басады.
Екі команда да IA дивизионындағы әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жоғары дивизионға жолдама жеңіп алған болатын.
Осылайша, 2027 жылғы хоккейден әлем чемпионатының элиталық дивизионына қатысатын барлық құрамалар толық анықталды.