1XBET - ставки на спорт

Оралда Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдо турнирі өтеді

Оралда Асқар Шайхиевті еске алуға арналған дзюдо турнирі өтеді

27–28 мамыр күндері Орал қаласында самбодан әлем чемпионы және Әлем кубогының иегері Асқар Шайхиевті еске алуға арналған ересектер арасындағы ашық республикалық дзюдо турнирі өтеді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Sports24.kz-ке сілтеме жасап.

25 жылдан астам тарихы бар бұл жарыс соңғы екі жылда дзюдо бойынша өткізіліп, бүгінде тек республикалық қана емес, халықаралық деңгейдегі беделді турнирлердің біріне айналды. Жыл сайын турнир қатысушылардың географиясын кеңейтіп, спортшылардың кәсіби өсуіне маңызды алаң ретінде өз мәртебесін нығайтып келеді.

Биыл татамиге Қазақстанның барлық өңірлерінен, сондай-ақ Өзбекстан мен Ресей Федерациясынан келген 200-ге жуық дзюдошы шығады. Жүлделер үшін күрес 14 салмақ санатында өтеді және екі күнге созылады.

Турнир жас спортшыларға тәжірибе жинақтап, шеберлігін арттыруға, сондай-ақ болашағы зор балуандарды анықтауға мүмкіндік береді.

Биылғы жарыстың ерекшелігі – әр салмақ санатының жеңімпаздарына автокөлік ойнатылуы. Бұл қатысушылардың бәсекелестігін және ынтасын едәуір арттырады.


Елдос Сметов Қытайдағы турнирге қатысуы мүмкін

Қазақстандық пара дзюдошылар Астанадағы Гран-приде 13 медаль жеңіп алды

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или