Қазақстандық пара дзюдошылар Астанада өткен Гран-при турнирінде 13 медаль жеңіп алды
Астанадағы Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында өткен IBSA JUDO GRAND PRIX ASTANA пара дзюдо бәсекесі мәресіне жетті.
Екі жарыс күнінде еліміздің сапынан J1 және J2 санаты бойынша 25 отандасымыз жүлдеге таласып, нәтижесінде 3 алтын, 2 күміс, 8 қола жүлде еншіледі.
Алтын жүлде еншілегендер:
- +95 келі. Жұқамырза Шүкірбеков (J2 санаты)
- 70 келі. Ибрагим Нұрмаханұлы (J2 санаты)
- 81 келі. Бексұлтан Құлмырза (J2 санаты).
Күміс жүлде еншілегендер:
- +95 келі. Бағланбек Оңалбек (J1 санаты)
- +70 келі. Зарина Раифова (J2 санаты).
Қола жүлде еншілегендер:
- 52 келі. Альфия Тлекқабыл (J1 санаты)
- 52 келі. Іңкәр Бауыржан (J1 санаты)
- 70 келі. Искандер Улданов (J2 санаты)
- 70 келі. Динара Кужулова (J1 санаты)
- +95 келі. Ерлан Утепов (J1 санаты)
- +70 келі. Ақтолқын Сейілбекова (J1 санаты)
- 95 келі. Ермек Нұрқабаев (J2 санаты)
- 70 келі. Аяла Мереке (J2 санаты).
Айта кетейік, жарыс Халықаралық зағиптар спорт ассоциациясы(IBSA) ұйымдастыруымен өтті және турнирде 2028 жылы АҚШ-тың Лос-Анджелес қаласында өтетін Паралимпиадаға маңызды рейтингтік ұпайлар сарапқа салынды. Гран-при турнирінде әлемнің 24 елінен келген 150-ге жуық үздік спортшы 8 салмақта жүлдені сарапқа салды.
Қазақстан дзюдошылары Грузиядағы Еуропа кубогын бес медальмен аяқтады
Елдос Сметов: басты мақсатым - екі дүркін Олимпиада чемпионы болу