Қазақстан дзюдошылары Грузиядағы Еуропа кубогында бес медаль еншіледі
Қазақстан дзюдодан Гори қаласында (Грузия) өткен Еуропа кубогында бес медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.
Ұлттық құраманың қоржынына бір күміс және төрт қола жүлде түсті.
78 келіден жоғары салмақ дәрежесінде Толқын Тұрсынақынова күміс медаль иеленді.
Ал қола жүлдеге Қанат Сейілхан (66 келіге дейін), Сымбат Тағай (48 келіге дейін), Аяулым Қалмырза (57 келіге дейін) және Карина Такиева (78 келіден жоғары) қол жеткізді.
Жалпыкомандалық есепте Қазақстан сегізінші орынға тұрақтады.
Елдос Сметов: басты мақсатым - екі дүркін Олимпиада чемпионы болу
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или