Марат Байкамуров - Qazaqstan Barysy Grand Slam-ның чемпионы

Марат Байкамуров - Qazaqstan Barysy Grand Slam-ның чемпионы

Дзюдодан Астанада өтіп жатқан Qazaqstan Barysy Grand Slam турнирінде қазақстандық Марат Байкамуров алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

100 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің финалында отандасымыз Молдова өкілі Вадим Жимбовчиды шидо ұпайымен жеңді.

Марат Байкамуров жарыс барысында бірнеше мықты қарсыласты жолынан тайдырды. Ол 1/16 финалда қырғызстандық Михейли Бекауриден басым түсті. Кейін поляк спортшысы Мичал Жедрежевскиді жеңді.

Ширек финалда қазақстандық дзюдошы нидерландылық Симеон Казаринаны ұтса, жартылай финалда тағы бір Нидерланд өкілі Майкл Коррелді жеңіп, финалға шыққан болатын.

Айта кетейік, өткен жылы Марат Байкамуров осы турнирде қола жүлдеге ие болған еді.



Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или