1XBET - ставки на спорт

Соккадан Еуропа біріншілігі: Испания соңғы минутта жеңісті жұлып алды

Соккадан Еуропа біріншілігі: Испания соңғы минутта жеңісті жұлып алды

Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Албанияның Тирана қаласында өткен Еуропа Сокка чемпионатының финалында Испаниямен кездесті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Трофейлік матч Испания құрамасының пайдасына 2:1 есебімен аяқталды. Испания 29-шы минутта бұрыштама добынан кейін есеп ашты. 35-ші минутта Қазақстан Үсеновтің голының арқасында таразы басын теңестірді. Ойынның соңында Испания 39-шы минутта тағы бір бұрыштама добынан кейін гол соғып, жеңісті жұлып алды.

Еске сала кетейік, Қазақстан 1/8 финалда Германияны 4:0 есебімен жеңді, ширек финалда Польшаны (1:0) жарыс жолынан шығарды, ал жартылай финалда Венгрияны 2:0 есебімен тізе бүктірді. Финалға жолдама алған Испания плей-оффта Италияны (2-2, 2-0), Украинаны (1-1, 1-0) және Сербияны (1-0) жеңді.

Қоса кетейік, бұл додада Қазақстан 2024 жылы топ жарған еді. Өткен жылы ширек финалға дейін жетіп, Испанияға жол берді. 

Сокка - 6х6 футбол нұсқасы. Ойындар 50х30 метрлік алаңда өткізіледі және 20 минуттық екі таймнан тұрады. Әр команда бір қақпашыдан және бес алаң ойыншысынан тұрады.


«Манчестер Сити» Англия кубогын жеңіп алды

Жозе Моуринью «Реал» бас бапкері атанады

«Камп Ноу» стадионы Левандовскиймен қоштасты

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или