«Барселона» Левандовскиймен қоштасты
«Барселона» Испания Ла Лигасының 37-турында өз алаңында «Бетиспен» (3:1) ойнады, деп хабарлайды Prosports.kz.
17 мамырда «Камп Ноу» стадионында өткен ойында 37 жастағы поляк шабуылшысы Роберт Левандовский жанкүйерлермен қоштасты.
Ойынның 83-минутында алаңнан шыққан оған командаластары құрмет дәлізін жасап, стадион тік тұрып қол шапалақтады. Шабуылшы болса бұл сәтте көзіне жас алды.
Клуб басшылығы Ханс-Дитер Флик бастаған жаңа дәуірде құрамды жасартуды көздеп, 30 маусымда аяқталатын келісімшартты ұзартпауды жөн көрді. Роберт Левандовский жалақысын азайтуға келіссе де, каталониялықтар өз стратегиясынан бас тартпады.
Төрт маусым ішінде футболшы 191 матчта 119 гол соғып, 24 нәтижелі пас берді. Ол клубпен бірге үш рет Испания чемпионатын, Король Кубогын және үш рет Испания Суперкубогын жеңіп алды. Клуб оны ресми түрде «Барселона» аңызы деп атады.
Шабуылшы мансабын Еуропадан тыс жерде — «Аль-Хилаль» немесе MLS клубтарында жалғастырады деп күтілуде.
«Барселона» Рафинья соққан қос голдың арқасына жеңіске жетті