Неймар Бразилия құрамасына шақырылады
«Сантос» шабуылшысы Неймар осы жазда өтетін әлем чемпионатының матчтарына Бразилия құрамасына шақырылады, деп хабарлайды Prosports.kz.
Басылымның мәліметінше, «Сантоста» Неймардың құрама тізімінде болатыны туралы ақпарат бар, ол дүйсенбіде жарияланады. Газет дереккөздері ойыншының шақырылу мүмкіндігі 100% құрайды деп мәлімдейді. Дегенмен, бразилиялыққа жақын адамдар ойыншының өзі әлі нақты білмейтінін және дүйсенбіні асыға күтіп жүргенін айтады.
Айта кетейік, егер Неймар Бразилия құрамасына шақырылса, оның «Сантос» сапындағы маусымдағы соңғы ойыны ертең «Коритибаға» қарсы өтеді.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или