Мексикалық боксшы қазақстандық аңыздың атын атады

Мексикалық боксшы қазақстандық аңыздың атын атады

Сауль «Канело» Альварес болашақ қарсыласы Кристиан Мбилімен сөзге келіп қалды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Тараптар алдағы титулдық жекпе-жекті талқылау кезінде бір-біріне өткір сөздер айтты. Әңгіме барысында Геннадий Головкиннің есімі де аталды.

Канело жаңа қарсыласын қазақстандық боксшы деңгейіндегі қауіп ретінде көрмейтінін меңзеді.

Диалог кезінде Мбилли мексикалық файтерге оның енді бұрынғыдай емес екенін айтса, Альварес тіпті 50 жаста болса да қарсыласының өзін жеңе алмайтынын жеткізді.

Сондай-ақ Канело Мбиллиге оның Головкин емес екенін де айтып өтті.

Айта кетейік, Альварес пен Мбилли арасындағы жекпе-жек 2026 жылдың 12 қыркүйегінде Сауд Арабиясының астанасы Эр-Риядта өтеді.

Кездесуде WBC тұжырымы бойынша чемпиондық белбеу сарапқа салынады. Қазір бұл титул жеңіліп көрмеген франциялық боксшыға тиесілі.

Бұл Канело үшін Теренс Кроуфордтан жеңілгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жек болмақ. Сол кездесуде мексикалық абсолютті әлем чемпионы атағынан айырылған еді.

Ал рекорды 29-0-1 болып тұрған Мбилли бұл айқасты мансабындағы ең үлкен мүмкіндік ретінде бағалап отыр.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или