Самирхон Абабакиров Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Самирхон Абабакиров Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Моңғолияның Ұлан-Батыр қаласында таеквондодан Азия чемпионаты жалғасуда. Кезекті жарыс күнінде Қазақстан құрамасының өкілі Самирхон Абабакиров жүлдегерлер қатарынан көрінді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҰОК-қа сілтеме жасап.

Құрлықтық додада Абабакиров 63 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде ел намысын қорғады.

Ол жарыстың жартылай финалына дейін жетіп, ирандық Махди Хаджимусаимен кездесті.

Финал жолдамасы сарапқа салынған кездесуде Хаджимусаи 2:0 есебімен жеңіске жетті. Осылайша, Самирхон Абабакиров Азия чемпионатының қола жүлдегері атанды.

Айта кетейік, бұған дейін Еркебұлан Еңсегенов (54 келіге дейін), Назым Махмұтова (73 келіге дейін) және Эльдар Бірімбай (74 келіге дейін) да Азия чемпионатының қола медалін жеңіп алған болатын.

Келер жылы Астанада WADA конгресі өтеді

Қазақстандық таеквоншы Азия чемпионатын сәтті бастады

Атақты қазақстандық спортшылар олимпиадалық дәріс өткізді

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или