1XBET - ставки на спорт

Моңғолияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

Моңғолияда өтетін Grand Slam турниріне қатысатын қазақстандық дзюдошылар белгілі болды

Халықаралық дзюдо федерациясы Ұлан-Батырда (Моңғолия) өтетін Grand Slam турниріне қатысатын спортшылардың алдын ала тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

19-21 маусымда өтетін байрақты бәсекеде Қазақстан намысын 20 балуан қорғайды. Ұлттық құраманың тізімі төменде көрсетілген.

Ерлер

60 келіге дейін: Аман Бақытжан, Мағжан Шамшадин
66 келіге дейін: Нұрқанат Серікбаев, Ақылжан Жұбатқанов
73 келіге дейін: Есет Қуанов, Аңсарбек Ғайнуллин
81 келіге дейін: Жалғас Қайролла, Асқар Нарқұлов
90 келіге дейін: Нұржан Бисенов, Айбол Нысанәлі 
100 келіге дейін: Марат Байқамуров

Әйелдер

48 келіге дейін: Ғалия Тынбаева, Диана Бүркеева
52 келіге дейін: Аружан Ережепова
57 келіге дейін: Дана Әбдірова, Дина Мұханбет
63 келіге дейін: Самалай Ерғалиева, Дамеля Асылханова
78 келіден жоғары: Камила Берліқаш, Ақерке Рамазанова

Айта кетейік, тізімге өзгерістер енгізілуі мүмкін.

Елдос Сметов Қытайдағы турнирге қатысуы мүмкін

Қазақстандық пара дзюдошылар Астанадағы Гран-приде 13 медаль жеңіп алды

Дереккөз: olympic.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или