1XBET - ставки на спорт

Алдияр Нұрғали алғаш рет бас құрамамен жаттығып жүр

Алдияр Нұрғали алғаш рет бас құрамамен жаттығып жүр

Қазақстандық жартылай қорғаушы Алдияр Нұрғали алғаш рет испаниялық «Левантенің» негізгі командасына шақырту алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

18 жастағы хавбек қазірдің өзінде клубтың бас құрамасымен бірге жаттығуға қатысып жатыр. Ол әлеуметтік желіде «Бірінші команда» деген қысқа жазбамен сурет жариялады.

Жаттығу барысында Нұрғали тәжірибелі Унаи Венседормен болған тартысты эпизодтарда көзге түсті.

Қазақстандық ойыншының негізгі командаға шақырылуы «Леванте» үшін маңызды кезеңмен тұспа-тұс келді. Чемпионат аяқталуына бір тур қалғанда клуб 15-орында тұр және әлі элиталық дивизиондағы орнын толық сақтап қалған жоқ.

Соңғы турда команда Чемпиондар лигасына жолдама алып қойған «Бетиске» қарсы сырт алаңда ойнайды.

Алдияр Нұрғали футболдағы алғашқы қадамдарын Қазақстанда бастаған. 2015-2021 жылдары «Астана» жүйесінде тәрбиеленіп, кейін «Қайрат» академиясына ауысқан.

2023 жылдың қаңтарында Испанияға көшіп, алғашында «Хисторикс Валенсияда» ойнады. Ал «Леванте» жүйесіне 2024 жылдың басында қосылып, 2025 жылдың желтоқсанында клубпен кәсіби келісімшартқа қол қойған еді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или